Атты 2 қалалық балалар шахмат турнирі

2017 жылдың 22 ақпанында "Алтын бесік" балабақшасында 4-5 жас, 5-6 жас, 6-7 жас ерекшеліктері бойынша қыздар мен ұлдар арасында «ҚР мектепке дейінгі білім беру жүйесінің 100 жылдығына» орай 2-ші қалалық "Ақ Ладья - 2017" шахмат турнирі өтті.  Іс-шараны өткізудің бастамашысы МКҚК "Алтын бесік "балабақшасың әкімшілігі.

Шахмат турниріне «Болашақ», «Алпамыс», «Аленушка», «Еркемай», «Балдәурен», «Ивушка», «Алтын бесік» балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты.  Байқаудың бас төрешісі -  ФИДЕ шебері, халықаралық дәрежедегі шебер Сабитұлы Анвар. Шахмат үйірмесінің бас бапкері Бекжанов Талғат Серикович. Турнирдің құттықтау және ақ тілек сөздерін, шақырылған қонақтарға: Петропавл қаласының қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары – Протопова Т.Н; қалалық мәслихаттың  хатшысы – Бердагулова А.С.; педагогикалық колледжінің директорының орынбасары – Нурышева Бахыт Салимовна; қалалық балалар үйінің директоры - Қапенов Р.Ж.; облыстық поляк «Коперник»  орталығының төрағасының орынбасары –Кронева В.Ю.; Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры – Мукушева Гульнур Ботановаларға берілді.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 5 турдан компьютерлік жеребе қолдану арқылы өтті. Жарыс жеңімпаздары жиналған ұпайларлар санымен анықталды.  Жеңімпаздардың арасында тең жағдайда жүлдені анықтау үшін қосымша матч-турнир өткізілді.

Кез келген ойында көрсетілгендей, негізгі балалардың мақсаты жеңіске жету болды. Турнирге  қатысушылар қарсыласын жеңу үшін әр түрлі айла тәсілдер қолдануға тырысып, өздерінің іс-әрекеттерінің нақты стратегиясын құра білді. Ойыншылардың  жанкүйерлері тек педагогтер ғана емес, сонымен қатар ата-аналар болды. Ал содан кейін әсерлі және көптен күткен нәтижелерді жариялау сәті келді.

4-5 жас ерекшеліктері бойынша:

1 орын – Серік Ақбота – «Алтын бесік» балабақшасы

2 орын – Сарсенбек Ерасыл –  «Балдаурен» балабақшасы

3 орын – Говоров Егор – «Болашақ» балабақшасы

5-6 лет жас ерекшеліктері бойынша:

1орын– Сағат Арлан –  «Алтын бесік» балабақшасы

2 орын – АмантайАйша -  «Алтын бесік» балабақшасы

3 орын – Харитонов Богдан –  «Еркемай» балабақшасы

6-7 жас ерекшеліктері бойынша:

1 орын– Галибаев Тимур - «Алтын бесік»балабақшасы

2 орын – Хмара Яна - «Алтын бесік» балабақшасы

3 орын – Куропятник Захар - «Алтын бесік» балабақшасы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

22.02.2017
Қаралым саны: 28