Балабақша – білім қайнарының алғашқы сатысы

2016 жылғы 23 қарашада біздің балабақшамызда «Балабақша – білім қайнарының алғашқы сатысы» атты ата-аналарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға балабақшамыздың ересек топтарының тәрбиешілері мен ата-аналары, педагогика ғылымдарының магистрі Айгүл Альтиқызы, №16 орта мектебінің директоры А.А. Сарсенбекова, «Дарын» мектеп-лицейінің, №6 орта мектебінің және қалалық классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Өзгертілген оқу бағдарламасының мазмұны әр бір ата-ананы толғандырмай қоймады. «Өзгертілген үлгілік оқу бағдарламасының перспективалық ерекшеліктері» тақырыбында ұстаздар мен тәрбиешілер ата-аналарды мазалаған сұрақтар мен мәселелерге жауап беріп, пікір алмасты. 

23.11.2016
Қаралым саны: 32