Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы ІІ Халықаралық «Музыкальный фейерверк»

2016 жылғы 23 қазанда Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы ІІ Халықаралық «Музыкальный фейерверк» атты шығармашылық конкурс-фестивалі өтті. Біздің балабақшамыздың тәрбиеленушілері Фестивальға қатысу барысында белсенді жұмыс атқарды. Біздің жас әртістеріміз Астана сахнасында «Вокал», «Көркем сөз» және «Халық биі» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Балалар тек «Алтын бесік» балабақшасын ғана емес, барлық Солтүстік Қазақстан облысының атын шығарды. Лауреат атану үшін балаларымыз бар күштерін салып, тырысты. Концерттік нөмірлерді лайықты деңгейде көрсету үшін, біздің білікті ұстаздарымыз барлық білімдері мен күш-жігерлерін салды. Біздің жетістігіміз: «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Амантай Айша 1 орын, Біржан Елдана 1 орын «Көркем сөз» номинациясы бойынша Ротормель София мен Нурмолдин Алдияр 1 орын «Халық биі» номинациясы бойынша «Еркетай» би ансамблі 1 орындарды иеленді.

 

23.10.2016
Қаралым саны: 215