«Қазіргі заманғы әлеуметтік – мәдени жағдайдағы Қазақстанның білім беруді дамытудағы инновациялық тәсілдері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

27 қаңтарда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазіргі заманғы әлеуметтік – мәдени жағдайдағы Қазақстанның білім беруді дамытудағы инновациялық тәсілдері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80-жылдығына арналған конференцияға кіріспе сөзбен СҚМУ ректорының м. а.  С. М. Өмірбаев қатысты.

Сонымен қатар, конференцияға ғалымдар, мектеп, колледж және мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланды:

1. Музыкалық білім мен мәдениеттегі инновациялар

2. Қазіргі жағдайдағы психология мен педагогиканың өзекті мәселелері

3. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беруді педагогикалық тұрғыда қолдау

4. Дене және әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдірудегі инновациялық тәсілдер

Конференцияның пленарлық бөлімінде біздің балабақшамыздың директоры М. Т. Дарбаева «Многофункциональная детская лаборатория в дошкольном образовательном учреждении» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол балабақшамызда құрылған көпфункционалды балалар эксперименттік зертханалары балаларлардың танымдық, қызығушылығын арттыру үшін зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Мектепке дейінгі және мектептегі білім беруді педагогикалық тұрғыда қолдау №3 секциясында Л. Е. Баяндина «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі көпфункционалды балалар лабораториясы» атты баяндама оқыды. 

Біздің педагогтер баяндаманы қорытындылай келе, балабақшадағы көпфункционалды балалар зертханаларын құру бойынша келесі шешімге келді:

1. Интерактивті ортада жаңартылған  «Жаратылыстану» пәнін сәтті іске асыру;

2. Балалардың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады;

3. МДО кафедрасы, студенттерімен және «Алтын бесік» балабақшасымен тығыз байланыс инновациялық - педагогикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді

27.01.2017
Қаралым саны: 32