ҚАЛАНЫҢ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚШАСЫ

Кәсіби қызығушылық,  алынған тәжірибемен бөлісу қажеттілігі және басқалардан тәжірибе алу «Алтын бесік» балабақшасының ұжымы үшін «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» Республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысуға негіз болды. Байқау Республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді. Байқаудың арқасында біздің ұжым өз практикалық қызметінде жүзеге асыратын маңызды идеялары туралы мәлімдеуге керемет мүмкіндік алды, байқау кәсіби даму және өсуге арналған қолайлы мотивациялық орта тудырды.

Ұжым еңбегі байқаудың қалалық кезеңінде Гран-приді жеңіп алып, жоғарғы бағаға ие болды. Облыстық кезеңде Петропавл қаласының атын лайықты таныстырып, байқаудың облыстық кезеңінде де 1 орынды жеңіп алды.

Қазір ұжым алдында үлкен жауапкершілік күтіп тұр, Солтүстік Қазақстан облысының атын «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» Республикалық байқауында лайықты таныстыру.

18.10.2016
Қаралым саны: 30