ОБЛЫСТЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ҚОРЖЫНЫНДА ЖАҢА ЖЕҢІС

ҚР БҒМ "Мектепке дейiнгi балалық шақ" РО мектепке дейiнгi ұйымдардың қазақ тiлi мұғалiмдерi арасында "Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында республикалық шеберлiк сыныптар байқауын ұйымдастырды. Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңiнiң жеңiмпаздары облыстық кезеңге өттi, ал облыстық кезеңнiң жеңiмпаздары республикалық кезеңде өз шеберлiктерiн тексердi. Финалға Қазақстанның 14 өңiрiнен педагогтар қатысты. Республикалық байқаудың бас жүлдесiнiң иесi Петропавл қаласының "Алтын бесiк" бөбекжайының педагогы Жүкенова Гүлшара Сағымбайқызы. Балалардың, ата-аналардың, мұғалiмнiң тамаша командалық жұмысына алғыс бiлдiремiз!

Барлық қатысушыларға шын жүректен құттықтау, ал "Алтын бесiк" бөбекжай-бақшасы — жарайсыңдар!

10.03.2021
Қаралым саны: 49