Көктем мейрамы

Наурыздың 3-ші мен 7-сі аралығында біздің балабақшамызда, 8 наурыз Күніне арналған ертеңгіліктер болып өтті.

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер арнайы әзірленген сценарийлер бойынша өткізілді.

Бұл күні мерекелік концертке балаларға аналар мен әжелер шақырылып, балалар ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды және өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады .

Балдырғандарға жын, қоян, түлкі, кірпі сынды ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп көңілдерін көтерді.

Аналар және әжелермен өткізілген күлкілі және қызықты конкурстар ешкімді бей-жай қалдырмады.

Қонақ болып келген әрбір ана, әжелеріміз өткен ертеңгіліктерден қуаныш, көңілді күлкі, көптеген жағымды эмоциялар алды.

Мерекелеріңізбен, қымбатты әжелер, мейірімді әйелдер, аяулы қыздар!

08.03.2017
Қаралым саны: 30