Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында біздің балабақшамызда «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйесінің даму қарқыны» атты облыстық онлайн семинары «Пәнаралық интеграция мектеп жасына дейінгі балалардың дарындылығын дамытудың негізгі бағыты» тақырыбында өтті.
Онлайн режимде өткен семинарға біздің балабақшамызбен қатар «Айгөлек»,«Ашық аспан» , «Ивушка» балабақшалары қатысты. Ақжар ауданынан келген «Балдырған», «Айгөлек», «Еркетай» балабақшаларының тәрбиешілері Хасенова А.Л., Сабирова Т. З., Кайсина З. М. Сеитова К.Б. баяндамалар оқыса, біздің ұжым тәрбиешілері Баяндина Л.Е. мен Есқожина Ә.З. өз жұмыс тәжірбиелерімен бөлісті, дене шынықтыру нұсқаушысы Молдахметов Е.Б. пен ағылшын тілінің мұғалімі қазақ және ағылшын тілдерін кіріктіру арқылы «Қонжықтың қызықты оқиғалары» деген сабақ ұсынды.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ті үшін «Алтын бесік» балабақшасы қосарлы оқыту принциптерін енгізудің негізі алаңы болып табылады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Ибраева өз сөзінде болашақ педагог-тәрбиешілерді дайындауда кіріктірудің келешегін ашып көрсетті. Семинар қатысушылары ол кісіге дектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылық қабілеттерін дамыту жайлы нақты ғылыми ұсыныстары үшін алғыс айтты. Нәтижелі ой – тәжірбие бөлісуге қолайлы іс-шараға барлық қатысушылар дән риза.
Шара соңында семинарға қатысқан тәрбиешілер мен педагогтар сертификаттармен марапатталып, облыс педагогтары атынан «Алтын бесік» педагогтарына алғыстар айтылып, жақсы пікірлер білдірілді.
Қаралым саны: 92