ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!

Жаңа жыл балалар үшін – ерекше де,  керемет ертегі, қайталанбас ғажайып! Сондықтанда жаңа жылдық ертеңгіліктердің  балабақша тәрбиесі жүйесінде алар орны ерекше.

26 желтоқсан мен 29 желтоқсан аралығында  біздің балабақшамызда Жаңа жылды қарсы алуға арналған  мерекелік іс-шаралары болып өтті. Бұл мерекені  балалар асыға күтті. Барлық топтардың балалары өзін ерекше жақсы көретін  Каркуша, көңілді Аққала, балғын және қуатты Мыстан кемпір  және Аяз атамен, ақшақармен бірге қызыққа батты. Ертегі кейіпкерлері  балаларды қуантып,  көңілдерін көтерді. Безендірілген шырша алдында балалар ән айтып, би билеп, тапсырмалар орындап  және де үш тілде тақпақтар айтты.

Мерекеге қатысушы әр бір балаға  өздерінің көркемдік, эмоциялық және шығармашылық қабілеттерін көрсетулеріне мүмкіндіктер беріліп, балалар қуанышқа кенелді. Балалардың көңіл күйлерінен жақсы дайындық пен нақты ұйымдастырушылық байқалды. Балалармен бірге ата – аналарда көңіл көтеріп, шат –шадыман болды.

Ертеңгілік соңында «Алтын бесік» балабақшасының әкімшілігі әр баланы жаңа жылдық сыйлықтармен  қуантты.

ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!

ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!

31.12.2016
Қаралым саны: 16