Жеңіс күніне арналған V дәстүрлі кіші Парад!

4 мамыр 2017 ж. Жеңіс күніне арналған V дәстүрлі кіші Парад Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімінің оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, салтанатты әнмен Мемлекеттік Ту енгізілді.

Мерекенің мазмұны балабақша директоры М.Т.Дарбаеваның құттықтауымен толығып, ата-аналар атынан Мырзажанов Е.С құттықтау тілегін білдірді. Амантай Айша  мен Иванищев Илья соғыс батырлары туралы өлең шумақтарын оқыды. Бір минут үнсіздікпен Ұлы Жеңіс сыйлаған өткендер рухын еске алды.

Міне салтанатты сәт! Барабанның соғысымен сап түзеп, батыл, әрі мақтанышпен «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілері шеруге қатысты. Саптың басында Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері.

Парад «Мәңгілік Даңқ» шеруімен аяқталды. Балалар өздерінің ұлы аталарының - Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттерін тебіреніспен және де үлкен мақтанышпен алып жүрді.

Парад «Бірінші канал «Евразия» Республикалық телеканалы арқылы көрсетілді.

04.05.2017
Қаралым саны: 38