Тәттi ботқа неден жасалады?
Күрiш қалай өсiрiледi?
Осы сұрақтар аясында ойланған балабақша тәрбиеленушiлерi сұрақтар жауабын өздерi iздеуге кiрiстi. Iздену барысында балалар көптеген тәжiрибелердi сынап көрiп, әлi де қызу жұмыс жүргiзуде.
Атап айтқанда:
Күрiш дәнi, яғни, масақпен танысып, көктем мезгiлiнде арнайы ыдыстарға отырғызып, бақылауды бастады. Балалардың өздерiне түйгенi, күрiш масағы суды, жылуды, күннiң көзiн жақсы көретiндiгi. Жұмыстың ерекшелiгi масақтың топырақсыз суда өсетiндiгi болды.
- Қызық ендi басталды! Күрiш көшеттерi өсiп шықты. Балалар жұмыстарының жемiстi болатынына қуанып, әрi қарай жалғасын тауып, жас балғындарды шабыттандыра түстi.
- Келесi жасыл көшеттердi жылыжайға көшiру: Жаз мезгiлi, жылы ауа райы көшеттердi көшiру үшiн өте қолайлы кезең. Балалар бұрын соңды байқамаған жаңа дүниенi көрдi, қолданды. Бақылау жалғастырылды.
- Күрiш өсiру ауқымды жұмыс болғандықтан, бүлдiршiндерге өте қызықты жалғасып, жаңа бiлiмнiң есiгiн айқара аша түстi.
Балалар күнделiктi жеп жүрген ботқаның оңай дайындалмайтынын түсiне бастады. Көп уақыт, бiрлескен күш керек екенiн ұғына алды.
Алақай, пiстi! Мiнекей, көптен күткен күрiшiмiз бой түзеп, күз мезгiлiне сай сары түске оралып, масақтары жайқалды. Балалар күрiш масақтарын жинауға асықты.
Келесi жұмыс балабақша зетханасында жалғасуда. Балалар күрiш сабағы мен масағын зерттеуге кiрiстi. Сабақтардың ұзындығын салыстырып, масақтарын санауды бастады. Алақанда уқалау әдiсi арқылы күрiштер алынып, балалар ұсақ моторикасына да септiгiн тигiздi. Мiне, ғажап! Күрiштер пайда болды. Өздерi отырғызып өсiрген күрiштердi көрген балалар, ендi дәмiн көруге асық.
Балабақшамыздың күрiш өсiрудегi ең құндылығы, ол, жыл басы Наурыз Мейрамы қарсаңында басталуы болды. Наурыз табиғаттың тiрiлуi, егiн егу науқанның басталуы болғандықтан, күрiштi де дәл мерекеде бастап, ата- дәстүрдi қайта жандандырдық.
Қорытынды:
Балалар күрiштi тек суда ғана емес, тамшылатып суару жүйесiн қолдану арқылы да өсiруге болатындығын түсiндi.Сонымен қатар, бүлдiршiндерiмiз үлкен мөлшерде су қолданбастан, бiздiң сүйiктi елiмiздiң су ресурстарын үнемдегендiгiн түсiндiре алды.
Қаралым саны: 155