Әкешім - асқар тауым
Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.
Аналар, Сіз үшін
Қадамың құтты болсын, құлыншақ!
Салт-дәстүрлер тек қана тәлiм-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртiпке де негiзделiп отырған. Мәселен, бала апыл-тапыл баса бастағанда жасалатын «Тұсау кесер». Бұл — баланың алғаш өмiрге қадам жасауына арналған ата-ананың қуанышты тойы. Ал танымдық, тәрбиелiк жағы кiм көрiнгенге емес, ауылдағы аса сыйлы, ел-жұрты құрмет тұтатын өсiп-өнген, ардақты аналарға кестiру арқылы адамның қадiрiн де үлгi ету болса, рәсiмнiң тәртiптiк рөлi алдымен ала жiппен тұсап алып, соны кестiру, бала бұл өмiрде бiреудiң ала жiбiн аттамасын, яғни ұрлық жасамасын, алаяқтықтан аулақ жүрсiн, баланың келешегiне жол ашу, ақ жол тiлеу деген ұғым.
Мақаланы құрған күні 04.04.2022 14:38
Мақаланы жаңартқан күні 04.04.2022 14:38